Алматыда ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелді аяусыз соққыға жыққан бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасап, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Қазір видеодағы адамдардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі адам жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы