Алматыда ер адамды қоқыс үйіндісі басып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қоқыс полигонынан металл сынықтарын қазып алып жүрген ер адам үйінді астында қалып, қайтыс болды.
Қайғылы жағдай кеше Алатау ауданында «Кенжехан» базарының артында орналасқан қоқыс полигонында болған.
11 ақпан күні сағат 14: 50-де Алматы қаласы 109 құтқару қызметінің жедел кезекші пультіне Алатау ауданы, шағын ауданы туралы куәгерден хабарлама келіп түсті. "Кенжехан" базарының артында орналасқан бұрынғы қоқыс полигонының №6 –қалалық кешеніндегі 1972 жылы туған азамат өз еркімен жеке аумақтың қоршауынан өтіп, металл сынықтарын жинау кезінде шұңқыр қазып алған, нәтижесінде қатты тұрмыстық қоқыс опырылып құлаған. Оқиға орнына жедел 109 құтқару қызметінің құтқарушылары жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында мәйітті қаланың Құтқару қызметінің қызметкерлері шығарып алып, жедел медицина қызметі және полиция департаментіне тапсырылды,-делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Белгілі болғандай, қайтыс болған азамат-жұмыссыз, күнделікті кәсібі металл сынықтарын жинау болған. Оқиға орнында құтқару қызметінің, ТЖД, ПД , ЖМК-нің 20-дан астам қызметкері, 10 бірлік техника жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
6,1 млрд теңгенің дәрі-дәрмек қоры 2 айға жетеді – Цой
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы