9 Тамыз 2024 2024, 17:00
Алматыда ер адамды аяусыз ұрғандар ұсталды
Әлеуметтік желіде бір топ адамның белгісіз бір адамды ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде бір топ адамның белгісіз бір адамды ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Алмалы аудандық полиция Басқармасы осы дерекке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық шаралар кешені жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.