Алматыда ер адам жоқ пәтерлерді жалға берген

Алматыда жалған пәтерлерді жалға берген 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмыстық әрекетпен Шымкент қаласының тұрғыны, 25 жастағы Т.есімді азамат айналысқан. Жігіт ақпараттық интернет ресурстарын пайдалана отырып, тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

Шын мәнінде күдіктіде жылжымайтын мүлік болмаған, ол риэлторлық қызметпен айналыспайды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Біз оның басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осыған орай, бұл адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 8-705-555-77-63; 8-778-591-91-35, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Қылмыстық Кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы