23 Мамыр 2024 2024, 19:49
Фото: скриншот
Алматыда ер адам тереңдігі 5 метр құдыққа құлап кеткен
Құтқарушылар адамды шұңқырдан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар адамды шұңқырдан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысы Қарасай ауданы жеке меншік үй аумағында 32 жастағы ер адам тереңдігі 5 метрге жуық шұңқырға құлады.
Көмекке Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар зардап шегушіні арқан және зембілдің көмегімен алып шықты. Ер адам оқиға орнында болған жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген ведомство хабарламасында.