Алматыда ер адам сүйіктісінің әкесін қатыгездікпен өлтірді
Алматыда аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру дерегі тіркелді. Ер адам сүйіктісінің әкесіне бірнеше рет пышақ сұғып, кейін оның тамағын кескен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
⠀
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданында болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысында кісі өлтіруге жеке келіспеушілік пен жанжал себеп болғаны анықталған.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы