Алматыда ер адам пәтерінің терезесінен оқ атты

Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ қызметкерлері дереу жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде болған. 1959 жылы туған К. есімді азамат ұсталды. Ол масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқандығы белгілі болды.

Зардап шеккендер жоқ. Қазаір оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында берілетін болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп мәлімдеді полицейлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: unsplash.com
Өзгелердің жаңалығы