9 Қыркүйек 2024 2024, 12:37 Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда ер адам автобус жүргізушісін қорқытып, терезесін сындырды

Әлеуметтік желіде жолаушының автобус жүргізушісін балағаттап, терезені сындырған видеосы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жолаушының автобус жүргізушісін балағаттап, терезені сындырған видеосы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.