Алматыда "Елін сүйген Елбасы" диалог-әңгімесі өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Республикалық достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай "Елін сүйген Елбасы" диалог-әңгімесі өтіп жатыр.

Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып жатқан іс-шараның мақсаты - қазақстандық қоғамда Ұлт Көшбасшысының қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы ауқымды тарихи рөлін одан әрі нығайту, Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің жетістіктерін мойындау, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау, жастар арасында азаматтық, патриоттық және рухани құндылықтарды тәрбиелеу.

Шараға ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері,  республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері,  Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласындағы ЖОО студенттері мен оқытушылары, жастар, БАҚ қатысып жатыр.
Бағдарлама тікелей сөйлесу диалогының форматын болжайды, оның барысында қатысушылар еліміздің Тұңғыш президенті Н.Назарбаевпен жеке кездесулері туралы сөйлеседі. Қонақтар мен қатысушыларға "Елбасы және Қазақстан жастары" атты деректі көрме мен фотокөрме және "Елін сүйген, Ел сүйген - Елбасы" кітап көрмесі ұсынылатын болады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы