Алматыда электросамокат мінген бойжеткенді көлік қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы Әбіш Кекілбаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
18 жастағы қыз бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Торайғыров көшесімен шығыс бағытта келе жатқан BYD көлігінің жүргізушісі Кекілбаев көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Белгілі болғандай, бойжеткен Торайғыров көшесімен оңтүстік бағытта электросамокатпен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан. Қыз бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы