Алматыда электрмен жабдықтау тарифі төмендетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 ақпаннан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті электрмен жабдықтау тарифін тұрғындар және заңды тұлғалар үшін төмендетті.

1 ақпаннан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті электрмен жабдықтау тарифін тұрғындар үшін 1,5%-ға (ҚҚС-сыз 17,12 тг/кВт.сағ-тан ҚҚС-сыз 16,86 тг/кВт.сағ-қа дейін), заңды тұлғалар үшін 1,2%-ға (ҚҚС-сыз 18,47 тг/кВт.сағ-тан ҚҚС-сыз 18,25 тг/кВт.сағ-қа дейін) төмендетті, - делінген хабарламада.

Бұл төмендеуге электр энергиясын беру және теңгерімдеу, қуатты қамтамасыз ету тарифтерінің төмендеуіне байланысты қол жеткізілді. 

Халық үшін үнем 554 млн теңгені құрайды, заңды тұлғалар үшін - 820 млн теңге.

Өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы