Алматыда электрлі самокат мінгендер 12 мыңға жуық жол ережесін бұзды – Полиция

Алматы қаласында жыл басынан берпі электросамокатшылар тарапынан 11 922 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше, тек соңғы тәулікте 1 076 құқық бұзушылық тіркелген:

  • Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын талаптарды бұзу – 846;
  • Жаяу жүргіншілер мен басқа қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзу – 229;
  • Балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың міндеттерін дұрыс орындамауы – 5.

Сонымен қатар, самокаттарды тротуарлар мен жол бойына тастап кету жағдайлары да тіркеледі, бұл жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін қауіпті. Нәтижесінде 69 электросамокат арнайы тұраққа қойылды.

Полиция мен кикшеринг компаниясы арасындағы ынтымақтастық

Полиция кикшеринг компаниялардың бірімен келісімге келіп, патрульдеу кезінде пайдалану үшін 50 электросамокат пен қорғаушы шлемдерді тегін алды.

Бұл қызметкерлердің мобильділігін арттырып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Электросамокаттар мен электрвелосипедтерді пайдалану тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтауды талап етеді. Тек осылай ғана қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады, – деп ескертті Алматы қаласы полициясы.

Бұған дейін Алматыда самокат мінген екі жасөспірімнің сәби арбасын қағып кеткенін жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы