Алматыда электр энергиясының тарифтері көтерілуі мүмкін

"АлматыЭнергоСбыт" компаниясы Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін электр энергиясының шекті тарифін көтеруге өтінім берген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа тарифті енгізу туралы шешім әзірге қабылданған жоқ – ұсынылған өзгерістер Табиғи монополияларды реттеу комитетімен келісілуі қажет.

1 маусымнан бастап тарифтердің төмендегідей деңгейде өсуі жоспарланып отыр.

Тұтынушылар санаттары бойынша:

• Жеке тұлғалар – 1 кВт/сағ үшін 29,52 теңге;
• Коммерциялық (бей тұрмыстық) тұтынушылар – 38,66 теңге;
• Бюджеттік мекемелер – 111,72 теңге.

Тұтыну көлеміне байланысты дифференциалды тарифтер:

• 1-деңгей: 26,80 теңге (қазіргі тариф – 25,6 теңге);
• 2-деңгей: 35,42 теңге (қазіргі тариф – 33,11 теңге);
• 3-деңгей: 44,28 теңге (қазіргі тариф – 41,39 теңге).

Алматы қаласында электр энергиясын тұтынушылардың 1,2 млрд теңге көлемінде қарызы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы