#Тәуелсіздік30. Алматыда ерекше көрме ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұмар–арт» Республикалық суретші-педагогтар қауымдастығының «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты көрмесі ашылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі көптеген жылдардан бері Алматы қаласының балалар шығармашылығы орталықтары мен суретші-педагогтерінің туындыларын көпшілікке насихаттап, әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
Көрменің мақсаты – көрерменді заманауи өнер туындыларына назар аударту, суретші-педагог мамандығының беделін арттыру, педагогтардың мүмкіндіктері мен шығармашылық әлеуетін іске асыру.
«Тұмар-арт» педагог-суретшілерінің республикалық тәуелсіз қауымдастығы 2020 жылы құрылған. Қауымдастық құрамында Л.В. Саванькина, И.Ю. Балан, Е.В. Лейнвебер, А.А. Кобрина, А.Нуранова, Ю.П. Романова, Д. Муратаева, А. Петракова, Е.И. Беличенко, Е. Исакова, А. Нистор, И.В. Щедринова, Т. Алимских, С. Голосова, М. Калыбаева, С. Курменева, Л.И. Синенко, Е.И. Халанская, Л. Подлубная, Е. Васильева, З.А. Божеева, Л.Б. Сухарева, Г.И. Красильникова, Л.К. Жунус сынды 15-тен астам суретші-педагогтар бар, олардың жұмыстары аталмыш көрмеге ұсынылып отыр.
Қауымдастық құрамы түрлі жанрлар мен стильдерде жұмыс істейтін тәжірибелі суретші-мұғалімдерден құралған. Бұл жерге оларды сұлулық пен ынта-ықылас біріктіреді.
«Тұмар–арттың» негізгі қызметі: халықаралық кеңістікте көркемөнер көрмелерін, шеберлік сабақтар мен пленэрлерді ұйымдастыру; қоғамда шығармашылықты дәріптеу; дарынды жас суретшілерді қолдау. Ассоциацияның барлық педагогтары халықаралық және республикалық көрмелерге белсенді қатысады, өз қабілеттері мен мол тәжірибесін жас шәкірттерін тәрбиелеуге жұмсайды және балалар шығармашылық конкурстарына қатысушыларды дайындайды. Қауымдастық 2020 жылдан бері 5 көркем-өнер көрмесін өткізді.
«Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты көрме экспозициясында педагог-суретшілердің еліміздің тарихы мен қазіргі заманғы даму тақырыбын бейнелейтін түрлі жанрлардағы жұмыстары ұсынылған. Авторлар туындыларында кескіндеме, натюрморт, аппликация, батик, ошибана және т.б. түрлі жанрлар мен техникаларды қолданған.
Көрмеге қатысушы әр суретшінің туындылары өзіндік ерекше стильге ие және ең бастысы жоғары деңгейде орындалған.
«Тұмар–арт» қоғамдық бірлестігінің мүшелері өздерінің кәсіби шеберлігін, шәкірттерінің қарым-қабілетін көпшілікке таныстырды. Көрмеге бейнелеу және қолданбалы өнердің түрлі жанрындағы 100-ден астам жұмыстары қойылған. Өнердің түрлі техникалары мен жанрларында (кескіндеме, акварель, сәндік-қолданбалы өнер) орындалған шеберлердің алуан түрлі картиналары ерекше, атап айтар болсақ: Ю. Романовтың «Балбал-дала», «Көшпенділер», А. Нұранова «Сыбызғы әні», И. Балан «Томирис», Л. Саванькина «Жайлаудағы көктем», Т. Алимскидің «Тау пейзажы», Г. Красильниковтың «Бақшадағы хризантемалар», А. Петраков «Қайыңдар», К. Васильева «Азаттық», А.Нистор «Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр», Е. Исакова «Тұмар», А.Кобрина « Көктем демі», Е. Халанская «Балқаш таңы», И. Щедринова «Қысқы пейзаж», Л. Синенко «Тау пейзажы» және тағы басқалары.