Алматыда "Ел үміті" жастар марафоны өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Аталған шараны ҚР Тұңғыш президенті Қоры ұйымдастырып отыр. 

Айта кетсек, бұл – екінші марафон, алғашқысы 3 қараша күні батыс өңірінің жастары үшін Ақтөбеде өткен.

Жиын барысында Тұңғыш президент қорының  атқарушы директоры Әсет Исекешов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бүгін әсем қаламыз Алматыда еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары жиналып отыр. Елбасы жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Осы бағытта Қасым-Жомарт Тоқаевта келелі жұмыстар жалғастырып келеді. Бүгінгі марафонның мақсаты жас иноваторлады, жас ғалымдарды, кәсіпкерлерді қолдауға арналған,- деді Ә. Исекешов.

"Халық арена" спорт сарайында өтіп жатқан форумға Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика мен қоғамдық өмірдегі белсенді жастары қатысып жатыр. Сонымен қатар олар Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалардың арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы