Алматыда экс-судья ұсталды
Светлана Жолманова аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Экс-судья ұсталғаннан кейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, бұған дейін Медеу аудандық сотының экс- судьясы Светлана Жолманованың үстінен іс қозғалған еді. Алайда ол баспасөз конференциясын өткізіп, өзіне қатысты қозғалған іс туралы ақпаратты теріске шығарған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы