Алматыда экс-әкім ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілініп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, әуежай маңындағы учаскелерін заңсыз тәркілеп, саудалады деп күдікке ілінді.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына, "Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі" ММ бұрынғы бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдік бар.

Агенттіктің мәлімдеуінше, 2015-2019 жылдары бұл тұлғалар Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің басшылығымен Талғар ауданының Қызылту ауылы мен әуежай маңынан мемлекеттік қордағы жер учаскелерін заңсыз тәркілеген. Жалпы ауданы 12,733 га жер учаскесі 191 адамға сатылған. Осылайша мемлекеттің мүддесіне зиян келді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді Данияр Бигайдаров.

Айта кетейік, бұған дейін белсенді Галина Арзамасоваға оқ атқан.

Алматы облысы Талғар ауданындағы Панфилов ауылдық округының бұрынғы әкіміжер телімдері бойынша айла-шарғы жасады деген күдікке ілінген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы