Алматыда екпіні қатты желден 9 қабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылды
Алматыда екпіні 13 м/с болатын желдің салдарынан 9 қабатты үйдің қамтамасы опырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 қабатты тұрғын үйдің 400 шаршы метр қамтамасы екпіні 13 м/с болатын желдің салдарынан құлады. Қабырғаның жалпы ауданы 600 шаршы метр, – деп жазылған Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Оқиға 14 мамырда болған. Сағат 13:20 шамасында 1-шағынаудан, Алтынсарин 68/4 мекенжайындағы «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніне жауапты инспектор жіберілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңажол кен орнындағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы