Алматыда ЭКО өткізуге 800 квота бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға квота саны 7 есеге ұлғайтылды.
2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылуда. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, оның ішінде Алматыға 2021 жылға бөлінгені 800-ге жуық квота. Салыстыру үшін 2020 жылы 130 квота бөлініп, пайдаланылды.ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.
Бүгінгі күні басқарманың кезегінде 700-ге жуық әйел бар, оның 400-і 2020 жыл ішінде өтініш берген.
ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
22 710 адам коронавирустан ем алып жатыр
Өзгелердің жаңалығы