29 Маусым 2024 2024, 09:35
Фото: видеодан кадр
Алматыда екіқабатты дүкен өртенді
2024 жылы 29 маусымда таңертең Алматыда Әуезов ауданындағы екі қабатты дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылы 29 маусымда таңертең Алматыда Әуезов ауданындағы екі қабатты дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, өрт Ықылас, 7Б мекенжайында сағат 08:20-да басталды.
Сондай-ақ ТЖД өртті оқшаулап үлгергендерін, енді оны толықтай сөндіру үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Алғашқы құтқарушылар құрамы келген сәттен бастап 32 минут ішінде өртті оқшаулау мүмкін болды, - Алматы қалалық ТЖД.