25 Тамыз 2024 2024, 08:16 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыда екі жас турист құтқарылды

Алматыда екі жас турист құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алматыда екі жас турист құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама шыңына тауға көтерілген. Ауа-райын алдын ала көріп алмағаннан, қатты дауыл астында қалып тиісті уақытқа дейін түсе алмады.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған ер-азаматтарды “Панорама” құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен түсірді, - делінген министрлік хабарламасында.

Жастарға медициналық көмек қажет болмады.