26 Шілде 2023 2023, 19:45
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда екі жаңа колледж ашылады
Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының Алатау ауданында 2 мемлекеттік колледж салу жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
«Зерделі» шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж салынады. Сондай-ақ индустриялық аймақ аумағында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық технологиялар колледжінің құрылысы бойынша мердігер анықталды. Колледждердің құрылысы осы жылдың тамыз айында басталады, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай,