Алматыда екі турист қыз қатты жауында қалып, таудан түсе алмай қалған
Жаңбырға байланысты топтан қалып қойған екі қыз Аюсай шатқалына бара жатқан жолда таудың баурайында тұрып қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
2004-2008 жылдары туған 6 адамнан тұратын туристік топ Аюсай шатқалына жорық жасаған. Алайда топтың негізгі бөлігі "Үш аю" алаңқайына түсіп кеткен кезде, бөгеліп қалған екі қыз жаңбырға қалып, өз бетімен төмен түсе алмаған, – деп мәлімдеді ТЖМ.
Қыздар бірнеше сағат бойы жаңбыр астында көмек күткен.
Түнде Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері таудың 1600 метр биіктігіндегі баурайынан 19 жастағы екі қызды эвакуациялады.
Жоғалған туристер визит-орталыққа жеткізіліп, алаңдаған туыстарына табысталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы