Алматыда екі күрделі жүрек отасы жасалды
Алматы, BAQ.KZ. КІАҒЗИ-де жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын катетерлік емдеу саласында инновациялық технологияларды пайдалануымен 2 операция жасалды.
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын катетерлік емдеу саласында инновациялық технологияларды пайдалануымен шеберлік класы өтті.
Жас мамандар мен резиденттердің қатысуымен эткен шеберлік класс барысында клиниканың жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы бөлімшесінің меңгерушісі, еліміздің жетекші аритмологтарының бірі Роин Реквава 2 пациенттке операция жасады. Олардың бірі 55 жастағы ер адам, 5 жыл бұрын миокард инфарктіне шалдыққан, 2 жыл бұрын жүрегіне шунттау жасалған. Оны ентігу, әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы мазалаған, дәрі қабылдаған, бірақ оның көмегі шамалы болған. Екінші операция 42 жастағы әйелге жасалды.
Роин Роинович, аритмогендік ошақтардың радиожиілікті аблациясы аритмияны емдеудің танылған әдістерінің қатарына жататындығын атап өтті. Ол, жүрек ырғағының бұзылысы жағдайындағы катетерлік аблация қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің бірі асқынулардың даму қаупі болып табылатындығын, олардың дамуы көріністі қалыптастыру технологиясы, хирургтың тәжірибесі секілді бірнеше факторларға байланысты екенін айтты. Бөлім меңгерушісі, аблацияны жүргізудің уақытын азайту және тінге әсер етудің нақтылығын қамтамасыз ету осы асқынулардың қаупін төмендете алады, деді. Сондықтан аритмиялық ошақтардың нақты сәйкестенуі мен көрінуі маңызды. Осы ошақтардың сәйкестенуінен кейін пациенттің аритмиядан арылуы үшін нақты аблация орындалуы мүмкін.
Осы технология рентген сәулелерінің пациенттің ағзасына әсер етуін мейлінше азайтуға, тіпті жоюына мүмкіндік береді.
Навигациялық жүйе көп полярлы катетерлердің көмегімен аблациялық катетер орналасқан жерді көрсетеді және катетермен нысаналы учаскеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар аблация процедурасының өзін жеңілдетеді. Осындай MiFi технологиясы бар (IntellaTip MiFi) катетермен институтты Boston Scientific компаниясы қамтамасыз етті. Ұшындағы микроэлектродтардағы сигналы оның орналасуын және әрекет ету саласын анықтауға мүмкіндік береді де, асқыну қаупін азайтады.
Сондай-ақ микроэлектродтар әсер етудің нәтижелілігі туралы осындай нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді де, осылайша аритмияны емдеудің тиімділігін арттырады және рецидивтердің жиілігін азайтады, - дейді Роин Реквава. IntellaTip MiFi пайдаланған кезде аблация процедурасының жоғары тиімділігі байқалады (100%-ға дейін).
Zero-Fluro (флюроскопиясыз) технологияларын пайдаланумен ырғақтың күрделі бұзылысы кезінде катетерлік аблация жүргізу үшін MiFi инновациялық көп полярлы аблациялық катетері Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да практикада тұңғыш рет қолданылды. Операциялар сәтті өтті. Осы катетерді қолдануымен тағы бірнеше операциялар жоспарлануда.
Институтта жылына 900-ден астам осындай операция жасалатынын атап өткен жөн. Радиожиілікті абляция жасау кезінде, одан кейін де өлім-жітім болған жоқ. Операция жасалған ең үлкен науқас 94 жаста болды.