Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Рысқұлов көшесіндегі екі қабатты ғимарат өртенген.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 сәуір күні сағат 13:22 минутта Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 258 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама алған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде екі қабатты ғимарат өртеніп жатқан. Газ-түтіннен қорғау қызметі ғимараттың ішінде адамдар жоқ екенін анықтаған.  Өрт болған жерге 18 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылды. Оқиға орнынан  25 л газбаллон эакуацияланды, - делінген хабарламада.

Сағат 14:17-де  өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы