29 Желтоқсан 2020, 16:35
Алматыда екі бірдей дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған өзбекстандық ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда шетел азаматы екі бірдей дүкенге қарулы шабуыл жасады.
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда шетел азаматы екі бірдей дүкенге қарулы шабуыл жасады.
Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Буран-134» экипажы дабыл сигналын бірінші болып қабылдап, қылмыс болған жерге іргелес аумақты мұқият аралай бастаған.
Олар аулалардың бірінен іздестірілушіге ұқсас жас жігітті байқап, оны ұстады. Күдіктіден шабуыл жасаған қару – ас үй пышағы тәркіленді. Ол өз қылмысын бірден мойындады. Бейнебақылау камералары көрсеткендей, ол дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, сатушыға пышақ көрсетіп, кассадан ақша талап еткен. Әйел адам қорқып, барлық ақшаны берген. Ең бастысы, жәбірленуші шабуыл туралы полицияға дереу хабарлады. Күдікті саналы минуттың ішінде ұсталып, Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған адамның аз ғана уақыт ішінде екі азық-түлік дүкеніне шабуыл жасағаны анықталды, – дейді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Қазақстан жерді қалпына келтіру ауқымы бойынша әлемде үшінші орынға шықты 09:28
- Алименттен бастап баспанаға дейін: Ерлан Қошановқа азаматтар қандай мәселелерді жеткізді? 09:09
- Шымкентте жаңадан төселген тротуар опырылып, бойжеткен шұңқырға құлап кетті 08:59
- Алматы тауларында үсіп қалған екі турист құтқарылды 08:58
- Brent пен WTI арзандады: мұнай нарығын не алаңдатып отыр? 08:53
- Қызылордадағы сауда орталығын тарақан басып кетті 08:20
- Бүгін жеті қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 07:56