Бүгiн 2026, 19:04 Фото: видеодан скриншот

Алматыда екі әйел көшеде кетіп бара жатқан адамды ұрып-соққан

Әлеуметтік желілерде тараған көшедегі төбелес полицияның араласуымен аяқталды.

Алматыда екі әйел көшеде кетіп бара жатқан адамды ұрып-соққан.

Бейнежазбада екі әйелдің көшеде кетіп бара жатқан басқа әйелге жұрт көзінше күш қолданып, соққы жасағаны көрінеді. Жарияланған видео полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалған жоқ.

Төбелес туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел жетті. Ақпарат расталып, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша жанжалға қатысқан үш азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар заң талаптарына сәйкес сотқа жолданды. Құқық бұзушылардың жауапкершілік шарасын сот айқындайды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да жол апатынан зардап шеккен ер адам медбикеге шабуыл жасады.