Алматыда екі ауданда суық су өшіріледі
Алматы, BAQ.KZ. «Алматы Су» МКК қаладағы екі ауданда суық су өшірілетінін хабарлады.
«Алматы Су» таратқан мәліметт 15 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ға дейін Әуезов ауданының аумағында орналасқан Тастақ-1 тұрғын үйлерімен басқа да ғимараттарға, Өтеген батыр көшесімен Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Райымбек даңғылынан Өтеген батыр көшесінен Саин көшесіне дейін суық су беру тоқтатылатыны айтылған.
15 маусым күні сағат 9-дан 15-ке дейін Жетісу ауданының аумағында Құлагер ықшам ауданының №25-59 үйлерінде суық су болмайды.
Аталған суық сумен жабдықтау қызметі бойынша шектеулер жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз,-делінген хабарламада.
Анықтама телефоны: 274-66-66.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Өзгелердің жаңалығы