Алматыда екі апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 35 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

Алматыда 14 қазанда жоғалып кеткен 35 жастағы Абдусалам Тасқұловтың денесі табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Volontery Almaty Lider.kz іздеу қозғалысының мәліметінше, Тасқұлов Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» шағын ауданындағы үйінен шамамен сағат 22:30 шамасында шығып кеткен, содан кейін қайта оралмаған.

Жоғалған сәтте оның үстінде көк былғары күртеше, қара спорттық шалбар және қоңыр кроссовка болған.

Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы әзірге жария етілмеді. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы