Алматыда үй өртеніп екі адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жеке үй өртеніп, екі адам көз жұмды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД хабарлады.
12 сәуір күні сағат 21.08 кезінде 101 нөміріне Медеу ауданындағы Сазановская көшесі 68 жеке үй өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.
Өрт сөндіру бөлімшесі сол жерден 1,5 шақырым жерде орналасқандықтан олар 5 минутта жеткен. Олар келген кезде қамыс үйдің жартысы отқа оранып өрт шатырға бет атыпты. Сондай-ақ өрттің жақын маңдағы времянка мен Nissan Juke көлігіне таралу қаупі тұрды,-делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер үйге кіріп 1998 жылғы ер адам мен 1989 жылы туған әйелді терезе арқылы далаға алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
Көрсетілген алғашқы көмекке қарамастан зардап шеккендерді тірілту іске аспады,-делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер 26 минутта 60 шаршы метр аумаққа жайылған өртті толықтай сөндіре білді. Оған 21 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылған.