Алматыда дзюдодан Азия чемпионына қастандық жасалды

Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионы Дамир Исахановқа қастандық жасалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желіде тарады. Желідегі мәлімет бойынша, спортшыға бір топ адам шабуыл жасап, пышақ оның кеудесіне тиген. Алайда спортшы аман қалған.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады.

Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында, - деді қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы