Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірқатар көшелер уақытша жабылады
Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концертіне байланысты қалада бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның мәліметінше, 10 тамызда келесі жол учаскелері уақытша жабылады:
- Байтұрсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін,
- Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін,
- Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.
Аталған шектеулер Орталық стадионда өтетін концертке байланысты енгізілмек. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздың шоуы сағат 19:00-де басталады.
Іс-шараға 29 елден қонақтар қатысады деп күтілуде. Қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы кезінде алдын ала маршрут жоспарлауға кеңес беріледі.
Бұған дейін әншінің концертіне байланысты Орталық стадионның жедел жөнделіп жатқанын жазғанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Францияда 6,4 млн адамның деректері ұрланды
Өзгелердің жаңалығы