Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ауқымды экоакция өтеді

Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай 9 маусымда ауқымды экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Акция Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Оған қатысуға Алматы қаласының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады.

Бағдарламада:

  • қайта өңдеу үшін халықтан қайталама шикізат жинау (17 түрлі қалдық қабылданады);
  • қайырымдылық ұйымдары үшін зат жинау (киім, кітап, аяқ киім, тұрмыстық зат және т.б.);
  • кітап алмасу;
  • өсімдік алмасу;
  • Дармарка («Сен қажетсізді әкелесің, өзіңе керекті нәрсені аласың»).

Қайта өңдеу тізімінде электронды және құрамында сынап бар қалдықтар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, пенопласт, консервілер, түрлі-түсті шыны қабылданады.

Мұндай акция "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанынан кейін қала тұрғындары арасында кеңінен танылды. Іс-шараның бірінде 2,2 тонна қайталама шикізат және 2,7 тонна қайта пайдалануға арналған заттар жиналды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы