Бүгiн 2026, 02:40
Фото: Almaty_akimdigi Telegram
Алматыда дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс бұзылды
Қажымұқан көшесіндегі нысан иесі заңсыз салынған кіреберіс бөлігін өз еркімен бұзды.
Алматы қаласындағы Қажымұқан көшесі, 34 мекенжайында орналасқан азық-түлік дүкеніне заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тексеру барысында нысаннан қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтін заңбұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты меншік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Нәтижесінде нысанның заңсыз салынған кіреберіс бөлігін меншік иесі өз еркімен бұзды.