Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Алматының Алатау ауданында кеше кешкісін жол қозғалысы ережесі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері құқық бұзушыны құрықтап, ұсақ бұзақылық, апаттық жағдай туғызғаны және, сақтандыру полисінің жоқтығы үшін жауапкершілікке тартты.

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 20 жастағы құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы