Алматыда «Достық Плаза» сауда орталығы өртенді

Алматы, BAQ.KZ. 10 қараша күні таңертең Алматыдағы «Достық Плаза» сауда орталығында өрт болды. 

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, өрт таңғы сағат 06:36 шамасында болған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде екінші қабатты қою түтін басқан. Газ бен түтіннен қорғау қызметі арнайы тепловизордың көмегімен өрттің ошағын анықтауға кірісті. Нәтижесінде сауда орталығының қоймасы өртеніп жатқаны анықталды, - делінген хабарламада.

Сауда орталығындағы өрт 24 минутта залалсыздандырылып, сағат 07:21 кезінде толықтай сөндірілген. Сондай-ақ өрттің жақын маңдағы бутиктерге жетуіне жол берілмеген.

Өрт кезінде ғимараттағы өрт сөндіру автоматты жүйесі іске қосылған. Соның арқасында өрттің таралу аймағы тарылған. Өрттен зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы