Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні өтті

Еске алу күнінде Алматының орталығында орналасқан оның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Қонаевтың туыстары мен жақындары, Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Мұражай-үйде жаңартылған экспозициялар бойынша экскурсия өтті.

Мамандар көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығын мерекелеу аясында мұражайды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қонаевтың жетекшілігімен Алматыда көптеген үздік сәулет туындылары бой көтерді. Бүгінде олардың дені қаланың бойтұмарына айналды. 

Атап айтсақ, «Қазақстан» қонақ үйі, Достық үйі, «Медеу» мұз айдыны, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы