2 Ақпан 2024 2024, 11:28
Алматыда "Digital Almaty-2024" форумының екінші күні басталды
Алматыда "Digital Almaty-2024" алаңында Қазақстан мен ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтпек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда "Digital Almaty-2024" алаңында Қазақстан мен ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Пленарлық отырысқа дейін Үкімет басшылары форумның цифрлық көрмесімен танысады. Көрмеде 300-ден астам отандық және халықаралық компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған.
Оның ішінде отандық жер қойнауын пайдаланушылар, Yandex, KCell, Tele2 және басқалары бар.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық цифрлық форумның тақырыбы - "Х Индустриясы. Болашақтың цифрлық эволюциясы".