Алматыда Денис Тенге арналған ескерткіш тақта ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, марқұм Денис Тенге мүсін орнатылды.

Бұл ескерткіш спортшы қаза тапқан Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысына орнатылды. Туындының авторы – Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Матвей Макушкин. Биіктігі -2,4 метр. Автор Денистің Сочи Олимпиадасының финалында өнер көрсетіп тұрған сәтін бейнелген. 

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне 200-ге жуық адам жиналды. Арасында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, спортшылар – Ермахан Ибраимов, Илья Ильин, өнер жұлдыздарынан – Роза Рымбаева, Жәния Әубәкіровалар болды.



«Бүгін еліміздің спортына өлшеусіз үлес қосқан азаматтың құрметіне тұрғызылған ескерткішті ашып отырмыз. Бұл тек біздің сүйікті баламыз Денистің құрметіне ғана емес, жалпы  туымызды көтеріп жүрген, қазақ спортына еңбегі сіңген барлық спортшыларға арналғандай. Ана ретінде мынан айтқым келеді, маған баламның жетістігі мен атақ-дәрежесі аса маңызды емес. Маған бірінші кезекте оның өзі керек. Сондықтан  Денистің анасын жақсы түсінемін. Оған қарапайым жұмыс істесе де, аман-есен қасында жүргені қажет болатын. Денис Қазақстан үшін еңбек етті. Жеңістерімен қуантты. Елімізді халықаралық аренада бәрі тануы үшін аянып қалған жоқ. Денис шынымен де, Қазақстанның атын шығарды. Ол біздің мәңгілік жүрегімізде қалады», – деді Роза Рымбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы