Алматыда демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істемейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Наурызбай ауданында демалыс күндері сауда үйлері, фитнес орталықтары, бассейндер, монша мен сауналар, сән салоны мен шаштараздар жұмыс істемейді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №56 қаулысына сәйкес, Наурызбай ауданында алдағы демалыс күндері сауда үйлерінің, сән салондарының, шаштараздардың, қоғамдық моншаларадың, сауналардың және фитнес орталықтардың жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық көлікте өз жұмысын тоқтатады, - делінген хабарламада.
Наурызбай ауданы аумағында 2 сауда үйі (Эйкос, Гломарт), 6 фитнес орталық (Hardway, Taufit және т.б.),4 бассейн (Gold Coast, Y-Fit және т.б.), 36 монша мен сауна, 43 сән салоны мен шашатраздар орналасқан.
22-23 тамыз күндері жоғарыда аталған нысандар жұмыс істемейді. Қызметін тоқтатқан барлық нысанда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы санитарлық шаралар жүргізіледі.
Наурызбай ауданының полиция қызметкерлерімен халық көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулердің сақталуы бойынша патрульдеу күшейтіледі. Аудан тұрғындарын жағдайға түсіністікпен қарап, әсіресе қоғамдық орындарда сақтық шараларын, санитарлық талаптарды сақтауға шақырады, - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Антикор Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға кірісті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы