Алматыда демалыста карантин шараларын бұзған мекемелер анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы мониторинг топтары екі күн ішінде 35-ке жуық карантиндік шектеудің бұзылғанын анықтады. Тексерушілер түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істейтін бірнеше мейрамханалар мен караокеларды тіркеді.

Күн сайын 40 мониторинг топтары мейрамханалар, барлар, караоке, компьютерлік клубтар мен дүкендерді тексереді. Тексерушілер мекемелердің белгіленген жұмыс кестесінің сақталуын қадағалайды. Келушілерге қызмет көрсететін қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарын қолданып, бетперде режимін сақтауы керек.

Тексерулер көрсеткендей, күніне 15 заң бұзушылық тіркеледі. Мысалы, 19 тамызда, сағат 22.14 шамасында Алмалы ауданындағы Өмірзақов көшесіндегі «Премьер-холл» банкет залында тәртіп бұзушылық тіркелді. 40-қа жуық келушілер мекемеден шығарылды, ал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсыру үшін мекеме иесіне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды.

21 тамызда бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Медеу ауданының тексерушілері сағат 01.34 шамасында Достық даңғылы бойындағы «Баритон» караокесінің жұмыс істегенін, онда 40 адамның болғанын анықтады.

Бостандық ауданындағы «Форсаж» кафесі де тәртіп бұзушылардың тізімінде. 18 тамызда, шамамен 22.24 сағатта мекеме карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеді және келушілерді қабылдады.

Еске салсақ, Алматыда тамызда коронавирус ауруы өрши түсті. Дерт жұқтыру тәулігіне 1500-1600 жаңа жағдайға жетті. Осыған байланысты мегаполисте 1 қыркүйекке дейін карантиндік режим эпидемиологиялық жағдайдың «қою қызыл» аймағына сәйкес ұзартылды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғамдық тамақтану орындарының түнгі жұмысына тыйым салды.

20 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 2000-ға жуық карантиндік шектеулерді бұзу анықталды. Полиция бөлімшелеріне 3300-ден астам адам жеткізілді.

Эпидемиологтар адам көп шоғырланатын жерлер болу дертті ушықтыра түсетінін айтуда. Сондықтан мұндай орындардан аулақ болған жөн. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін тексеру жұмыстары жалғасатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы