Кеше 2026, 21:50
Фото: gov/kz
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы – Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі мүддесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу мақсатында құрылған.
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығын ашты.
Бұл инновациялық алаң Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі мүддесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу мақсатында құрылған.