Алматыда әдеби аударма мәселелері талқылануда
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жазушылардың «Әлемді ашу — әлемге ашылу. Әдеби аударманың проблемалары және жазушылар байланысы» атты ІІ Халықаралық форумы өтуде.
Алматы тағы да әдебиет туралы маңызды сөз қозғайтын орталыққа айналды. Форумға қатысушылар: Германиядан, АҚШ-тан, Англиядан, Түркиядан, Қытайдан, Моңғолиядан, Ресейден, Марокка мен Литвадан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан және басқа елдерден келген жазушылар, публицистер, аудармашылар, әдеби сыншылар, суретшілер.
Қазақ ПЕН клубынының президенті Бигелді Ғабдуллиннің пікірінше, жемісті халықаралық байланыстар ұлттың мәдени жаңғыруының және дамуының маңызды шарты болып табылады.
Форумның жұмысы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасында айтылғандай, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің барлық өңірінде күн суытады
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы