Алматыда дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматыда дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне байланысты Кіші Алматы су алабында 5–8 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Тауда абай болыңыздар", - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Қар көшкіні жүруіне түрткі болмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.
Сонымен қатар, 6-8 сәуірде жауын-шашын жаууының болжамына байланысты, кей жерде қатты жаңбыр түрінде, ШҚО-да қардың қарқынды еруіне, еріген қар ағындысының қалыптасуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуына, су басу қаупіне алып келеді.
"6-9 сәуірде күндізгі ауа температурасының жоғары болуына байланысты, Павлодар облысының шегіндегі Ертіс өзенінде мұздың әлсіреуі, мұз кептеліс құбылыстарының пайда болуы, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуы күтіледі" - делінген хабарламада.
Жаңбыр түсуі болжамына байланысты, кей жерде қатты, 6-7 сәуірде Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында буйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін екені хабарланды.