Алматыда Дәрілік заттарды тұрақтандыру қорына 10 млрд теңге бөлінді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Препараттардың қажетті қорын қамтамасыз ету үшін әкімдік Дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын құрды. Бұл үшін 10 млрд теңге бөлінді. 

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, бұл жұмыс оң нәтиже бере бастаған. Нәтижесінде жекеменшік дәріханалардағы дүрлігу жағдайы төмендеген. 

Дәрі-дәрмектердің алғашқы топтамасы дәріханалар желісіне келіп түсті. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Егер сіз проблемаға тап болсаңыз немесе үйде амбулаториялық емдеуді ұйымдастыру мәселесін шеше алмасаңыз, Сізден WhatsApp +7 (777) 888-81-03 арқылы азаматтардың жүгінуіне арналған, call-орталығы: 3000-505, 3000-103 телефон нөмірлерін жазуыңызды сұраймын. Сіздің өтініміңіз міндетті түрде қабылданатын және қаралатын болады, - дейді Надыров.

Басқарма басшысы сөз арасында халықты өз бетімен ем қабылдамауға шақырды. 

Симптомдар пайда болған кезде өз емханаңызға немесе call-орталығына хабарласыңыз. Біз үшін басты міндет – қала тұрғындарының денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған барлық қажетті шараны қабылдауды жалғастырамыз. Алматы қаласының барлық тұрғыны сақтық шараларын сақтап, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларын ұстанулары өте маңызды. Маскалар киіңіз, қолды жиі жуыңыз, кезектерде тұрғанда қашықтықты сақтаңыз, қоғамдық орындарға шығудан бас тартыңыз. Маскаларды кию жұқтыру қаупін азайтады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы