Алматының дәріханаларынан қызуды түсіретін дәрілер сатылымнан алынуда деген ақпарат фейк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. What‘sApp-та қызуды төмендететін дәрінің 10 қаптамасын бірден алуға үндейтін аудиохабарлама таралуда, деп хабарлады stopfake.kz.

Автордың айтуынша, адамдарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға мәжбүр ету үшін Алматы мен Алматы облысының дәріханаларынан бірқатар дәрі-дәрмекті сатылымнан алып тастау туралы «жоғарыдан бұйрық келіп түскен».

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, дәріханалар мен ауруханаларда бірқатар дәрі-дәрмектің, соның ішінде вирусқа қарсы және қызуды төмендететін препараттардың болуы апта сайын тексеріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы