Алматыда дәрігерлер Үндістанға барып ауруын асқындырған науқасты құтқарды
Алматы дәрігерлері шетелде ем алғаннан кейін ауыр асқынуларға ұшыраған пациенттің өміріне араша түсті.
Алматы онкологиялық орталығының онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев шетелде ем алғаннан кейін ауыр асқынуларға тап болған пациенттің өміріне араша түсіп, көмек көрсетілгенін айтып берді.
Орталыққа 57 жастағы пациент жүгінген. Қазан айында оның ұйқы безі денесінде ісік анықталған.
Туыстарының кеңесімен ол өз бетінше Үндістанға емделуге барып, қосымша зерттеп-қараудан өтіп, химиотерапия курсынан өткен және 31 желтоқсанда операция жасатып, ұйқы безінің денесі мен көкбауырын алғызған. 10-күні пациент Қазақстанға оралған. Қайтып келгеннен кейін жағдайы нашарлап, бас айналу, қатты әлсіздік, операциядан кейінгі жара аймағында ауырсыну пайда болған. Елге оралған соң жекеменшік клиникалардағы ем нәтиже бермеген. Ауыр жағдайда ол Алматы онкологиялық орталығына емдеуге жатқызылды. Зерттеп-қарау барысында операциядан кейінгі асқынуларға тап болған науқастанта панкреонекроз және жайылған қан кетумен бірге панкреатикалық фистула қалыптасқаны анықталды. Шұғыл түрде пациентке операция жасалып, оның барысында тоқ ішектің бір бөлігі резекцияланып, қан кету тоқтатылды, - деді Нұрлан Балтаев.
Оның айтуынша, мұндай жағдайлар көп кездеседі. Соңғы бір айдың өзінде орталыққа шетелде ем алғаннан кейін асқынулармен бірнеше пациент түскен.
Онкологиялық аурулар кешенді және жүйелі тәсілді талап етеді. Алматы онкологиялық орталығында диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін жүргізуге барлық жағдай жасалған, олар шетелдік клиникалардан кем түспейді. Сонымен қатар, медициналық көмек пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі, - деп атап өтті ол.
Мамандар пациенттерді емдеу орнын таңдауға жауапкершілікпен қарауға және Қазақстанда қолжетімді дәлелді медицинаға сүйенуге шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды.
- АҚШ-та бензин бағасы 4 доллардан асты: Трамп кешірім сұрамайтынын мәлімдеді 07:48
- Қазақстанда бір тәулікте орман қорында 10 өрт тіркелді 07:13
- Балалар стоматологиясындағы кезек мәселесі: Өңірлерге нақты тапсырма берілді 06:36
- Бельгияда ежелгі ғимаратты қайта жөндеу кезінде 9 млн еуроға жуық алтын табылды 05:24
- АҚШ дрондар импортына 100%-ға дейін тариф енгізеді 04:19
- Канада Иран басшылығының бес өкіліне санкция салды 03:26
- +43°C-қа дейін ыстық: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды 02:40