Алматыда дәмхана өртенді

Алматыда Розыбакиев көшесі бойындағы кафе өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz мәліметінше, таңғы сағат 8:00 шамасында үш қабатты ғимараттың шатыры өртенген.

Оқиға орнына келіп жеткен 41 өрт сөндіруші автобаспалдақты қолдануға мәжбүр болды. Тілсіз жау сағат 08:37-де ауыздықталды. Өрт жалпы ауданы 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқыс оқиға себептері анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы