Алматыда “Дала бояулары” көрмесі ашылды
Мемлекеттік орталық музейінде суретші көрнекті суретші, этнограф, өлкетанушы Николай Хлудовтың 175 жылдығына орай “Дала бояулары” көрмесі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Суретшінің шығармашылығында XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, тұрмысын, шаруашылығын бейнелейтін туындылар ерекше орын алған.
Дәстүр мен әдет-ғұрыпты берік ұстану, ұрпақтар сабақтастығын өрбіту қашанда қазақ халқына тән қасиет болған. Халқымыз өмір салтының қайталанбас ерекшеліктері мен оның қағидаларын әлі де мұқият ұстанып келді. Қазақтың осындай өзіндік бір келбетін бейнелеп, артында өшбес мұра қалдырған дарынды суретшілердің бірі – Николай Хлудов. Ол 1879 жылы Қазақстанға келіп, бүкіл өмірін дерлік Жетісуда өткізген. Қазақ жері суретші үшін шығармашылық шабыттың қайнар көзі болды. Ол елді аралай жүріп, шебер табиғаттың түрлі көріністері мен сұлулығын бейнелейтін көптеген суреттер салған,- деді Мемлекеттік орталық музейі директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон.
Николай Хлудов 211 жұмысы ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қорында сақтаулы. Оның ішінде 117 кескіндеме, 39 қарындашпен салынған эскиз, 55 акварель жұмысы және 3 альбом бар.
Суретшінің “Нөсер жауын астындағы көш”, “Барымта”, “Бие сауу”, “Өрмек басындағы тоқымашы”, “Салтанатты көш”, “Алау жанындағы әйел” туындылары көпшілікке етене таныс.
Көрме экспозициясына Н.Г.Хлудовтың қыл қаламынан туындаған шығармаларымен қатар жеке заттары(жиһаздары, фотоаппараты, өлшеу құралдары және т.б.) менфотоқұжаттық материалдар да қойылған.
Көрме 25 ақпанға дейін жалғасады.