Алматыда дабылды сирена қосылады
Алматы, BAQ.KZ. Ертең Алматыда дабылды ескерту сиренасы қосылады.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 17 маусымда жергілікті уақытпен күндізгі 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің тоқсан сайын жүргізілетін жоспарлы техникалық дайындығын тексерілетінін мәлімдеді.
Оқу жаттығу электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халыққа құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылған. Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады!, - делінген хабарламада.
Алматы қаласының ТЖД Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренаны қосу кезіндегі келесі ережелерін еске салады.
Егер дабыл дыбысы үйде естілсе:
- радио тарату және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл дыбысы көшеде естілсе:
- көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
800-ден астам студент халықаралық олимпиада жеңімпаздары атанды
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы